Бек-вокалист Расул Усманов Димаштың тойына келетінін күтпегенін айтты.
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «DQ Team» командасы Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама барысында бек-вокалист Расул Усманов Димаштың тойына келетінін күтпегенін айтты.
Оның сөзінше, командаға қосылғаннан кейін шамамен жарты жылдан соң Димаш Құдайбергенмен жеке өмірі жайлы әңгімелескен.
«Мен жазда үйленетінімді айттым. Сонда Димаш «тойыңа барамын» деді. Ол сөзге аса мән бермедім. Алайда жазда ұзату тойы өтіп жатқан күні Димаш хабарласып, мекенжайды сұрады. Сол сәтке дейін сенбедім. Бірақ ол шынымен келді», - деді Расул Усманов.