$ 504.76  593.8  6.5

«Ажырасып кеткен бе?»: Мақпал Исабекованың жаңа әні жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

"Сатқындық болған сияқты".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Белгілі әнші Мақпал Исабекованың жаңа бейнебаяны әлеуметтік желдіе қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқырмандар әннің мәтініне қарап оқырмандар әншінің жеке өміріне қатысты болжамдар жасауда. 

"Сен емес пе, уәделерді шашқан?

Шешілмейді деп ойладың ба маскаң?

Астан-кестен бәрі, енді не істейін?

Сезім өшкесін болды емес пе?

Қайтқым келмейді менің артқа.

Болғым келмейді күзгі бақта.

Өзгенің жүрегін бар енді жарақатта"- деп шырқады өнер иесі. .

Көпшілік клиптегі сюжет пен эмоцияларға назар аударып, әртүрлі пікір қалдырды. 

"Өзі туралы айтып жатқандай", "Өміріндегі оқиғаны әнмен жеткізген сияқты", "Ажырасып кеткен менің ойымша", "Сатқындық болған сияқты", "Жыламаңыз, сынбаңыз!", "Бұл да ажырасты ма?", "Көздері бәрін айтып тұр", "Ажырасып кетті ме? Әнінің сөзі қорқынышты", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары