"Бұл менің бауырлық құрметім".
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынов өзінің ағасына ерекше сыйлық жасап, көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Қолымнан келгенше қай-қайсыңызға болса да әйтеуір қолымнан келгенін жасап жатырмын деп ойлаймын. Бұл менің міндетім емес, парызым емес, бауырлық құрметім деп қабылдаймын. Бауырлық қамқорлық деген нәрсе ол үзілмеуі керек, жалғасуы керек. Бір тосын сый жасағым келіп тұр. Ағама көптен бері сыйлауды ойлап жүргенмін", - деді әнші.
Бауырынан мұндай сыйлықты күтпеген Заттыбектің ағасы толқып, көзіне жас алды.
Өнер иесінің бұл әрекетін оқырмандары жақсы бағалап, ақ тілектерін жаудырды.