$ 502.57  591.68  6.42

«93 жаста өмірден өтесің деді, соны күтіп жүрмін» — Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)

"Соның айтқанының бәрі келді ғой". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 1001 түн бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аңыз адам өзінің жас кезінде болған қызық оқиғасымен бөлісті. Ол көріпкелді кездестіріп, тағдырының шет жағасын білген.

"Шымкенттің ар жағында бадам деген жерде тұрдық. Біреудің малханасында тұрдық. Сол жерде көршілерден ақша сұрап, шымкеткен бардым. Ақша жоқ, жаяу бардым. Сол жерде базарды жаяу кесіп өте бергенімде бір бетінің бәрі шотыр-шотыр кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Сонда мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған: "Балам, сен бүкіл жер-шарын білетін адам боласың. Сендей абырой биігіне көтерілген адам болмайды деді. Сен 93 жасқа келіп, өмірден өтесің", - деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Ал енді 93 жасқа маған 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін", - дед ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары