$ 502.57  591.68  6.42

«Қайрат халқын таңдады»: Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жылмен жалғыз құттықтады (ВИДЕО)

Өнер иесі еліміздегі әр отбасына береке, мейірім, жылулық пен махаббат тіледі.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық өнер иесі Жұлдыз Әбдукәрімова Жаңа жылға арналған отбасылық құттықтауын жариялады. Алайда көпшіліктің назарын бірден кадрларда Қайрат Нұртастың болмауы аудартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі еліміздегі әр отбасына береке, мейірім, жылулық пен махаббат тіледі.

"Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізден тыныштық, Патшамыздан пейіл кетпесін",- деп жазды Әбдікәрімова.

Әрине, оқырмандар тарапынан "Қайрат қайда?" деген сұрақтар қарша жауды. Тіпті кейбірі әзіл-шыны аралас пікір қалдырып, "Қайрат халқын таңдады" деп жазған.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың Астанадан анасына пәтер сыйлағанын жазғанбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары