05.01.2026, 13:20

«Тағы 2-3 бала керек»: Қабатовтың тоқалы ұл-қызының есімін жариялады (ФОТО)

Фото: t_a_d_d_s_ парақшасынан

Үш баланы Айман есімді келіншек 14 жылда дүниеге әкелген.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман күйеуінен туған балаларының есімін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

Ол өнер иесінен 3 баланы дүниеге әкелген. 2 ұл және 1 қыздың есімдері Дін-Мұхаммед, Дін-зухра, Сырым-Дат. 

Оның Instagram желісіндегі парақшасы балаларының және Тұрсынбек екеуінің есімдерінің алғашқы әріптерінен құралған екендігін де айтты. Үш баланы Айман есімді келіншек 14 жылда дүниеге әкелген.

"Әйел ретінде алсақ, тіпті ұятың жоқ екен", "Есімдері ерекше екен", "Тағы 2-3 бала керек енді", - деп жазды оқырмандар.