$ 508.91  594.36  6.33

«Жүрегім сені сағынғанда…»: Роза Рымбаева марқұм күйеуіне жазба арнады

Бір сен едің аңсаған таңым алда…

Фото: instagram.com/rozarymbaeva
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Instagram желісінде марқұм жары — музыкант әрі дирижер Тасқын Оқаповпен түскен сирек архивтік фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Фотосуретте Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов неке қию рәсімі кезінде бейнеленген. Келіншек әсем ақ көйлек киген, ал күйеу жігіт классикалық қара костюммен көрінеді. Кадрдан сол сәттің салтанаты мен ерекше толқынысы сезіледі.

"Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда... Бір сен едің аңсаған таңым алда…", деп жазды өнер иесі.

Екінші фотода ерлі-зайыпты диванда қатар отырып, жылы әрі жайлы отбасылық атмосфераны паш етеді. Сурет арқылы үй ішіндегі тыныштық пен махаббатқа толы сәт анық байқалады.

Әнші жазбасын сағыныш пен сүйіспеншілікке толы жүрекжарды жолдармен сүйемелдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары