$ 509.94  593.88  6.43

«Пәтер, көлік, Cartier»: Қайрат Нұртас тұңғыш қызының 18 жасына ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

"Осындай қызым бар екеніне шексіз бақыттымын". 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толуына орай қымбат сыйлықтар тарту етті. Жұлдызды жұп қыздарына автокөлік пен пәтер сыйлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иелері Сезімнің кәмелет жасқа толған туған күнін Малдив аралдарында, отбасылық ортада атап өткен. Қыздарының қалауы бойынша мереке тек ең жақын жандардың арасында ұйымдастырылған. Демалыстан естеліктерді Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Сезімнің болмысы өзгеше. Ол артық даңғаза мен көзбояушылықты ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі бері мінезі де есейіп, өзгеріп келеді. Отбасымен өткізетін уақытты ерекше бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңнің еркіндігің, қарапайымдылығың мен кең жүрегің қандай әдемі», – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сондай-ақ Қайрат Нұртас қызына жүрекжарды тілегін арнап, ата-ана махаббатын жеткізді.

«Біз сені шексіз жақсы көреміз. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым аман бол!» – деді әнші.

Әншінің айтуынша, ол бұған дейін қызына берген уәдесін орындаған. Қайрат Нұртас Сезім 18 жасқа толғанда оған көлік пен пәтер алып беретінін айтып, бүгінде барлық сыйлық дайын екенін жеткізді.

«Қызым, кәмелет жасқа толуың құтты болсын. Біз үшін сен әлі де баласың. Мен саған осы жасқа жеткенде көлік пен пәтер сыйлаймын деп уәде еткен едім. Бәрі дайын. Сен соған лайықсың. Осындай қызым бар екеніне шексіз бақыттымын», – деді өнер иесі.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызына ерекше сыйлық жасады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары