"Дұрыс қылды қартайғанда бала туып беріп".
Танымал әнші Қайрат Нұртас кенже қызы Рәбия Сұлтанмен видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі отбасымен бірге Мальдив аралдарына демалысқа кеткен. Жылы аймақтан қызы Рәбия Сұлтанмен жылы видео жариялаған әнші көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Оқырмандар Қайратты өз отбасымен бірге көргендеріне қатты қуанғандығын жарыса жазуда.
"Қайраттың бағы Жұлдызбен жанды", "Дұрыс қылды қартайғанда бала туып беріп", "Бала ұстауды да ұмытып қалыпты ғой", "Балалар да, өздері де әбден лайық", "Қайрош нағыз азаматқой, Алла бақ беріп қойған", "Нағыз бақыт осы ғой", "Осылар бақытты болса болды", "Отбасына көңіл бөліп жүрген Қайрат Нұртас сияқты болсын бәрі", - деп жазды желі қолданушылары.