12.01.2026, 04:30

«Жанболат қаламайды»: Жазира Байырбекова желіде ренішін жеткізді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Жазира Байырбекова жазбасын «Сіздерде қалай?» деген сауалмен аяқтаған.

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасылық өмір, реніш пен сабыр жайлы ойымен бөлісті. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Өнер иесі демалыс тақырыбын қозғап, тұрмыста кейде күткен дүниенің орындала бермейтінін астарлап жеткізді.

«Демалысқа 1 аптаға барып келейікші десем Жанболат барғысы келмеді. Өзім қызымды алып барып келейін десем бөлек жүріп үйренбегенбіз. Ренжейін десем санамдағы “шүкіршілік”, “қанағат”, “тәубе” жеңіп кетіп жатыр. Оның үстіне тұрмысқа шығарда шет елдерге қыдыртып тұрам деп уәде берген жоқ қой маған», – деп жазды әнші.

Жазбасының соңында өнер иесі сабыр мен шыдамның бүгінде көп айтыла бермейтін қасиетке айналғанын меңзеп, оқырмандарына ой тастады.

«Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтылмайтын болды», – деп түйіндеді әнші.

Жазира Байырбекова жазбасын «Сіздерде қалай?» деген сауалмен аяқтаған.