Блогер Instagram сторисінде болып жатқан жайтқа аң-таң екенін айтып, ренішін жасырмады.
Күні кеше ресми түрде іздеу жарияланған атышулы блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Блогер Instagram сторисінде болып жатқан жайтқа аң-таң екенін айтып, ренішін жасырмады.
«Кімнің ала жібін аттап кеттім – білмеймін. Елмен амандасып, тыныш жүрген адам едім. Бар шаруамды тастап, дүйім жұрт іздейтіндей қылмыскер емеспін ғой. Миллиардтап тонаған Әблязов секілді етіп көрсеткендерің не?» – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялаған болатын. Іздеу шараларын агенттіктің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Қайсар Қамза әлеуметтік желіде кеңінен танымал. Оның Instagram парақшасында 2,6 миллионнан астам оқырманы бар, ал TikTok-тағы жазылушыларының саны 340 мыңнан асады.