$ 509.75  594.67  6.46

«Тағдырыммен ойнап, қуып жіберді»: Омар Жәлелдің бұрынғы жұбайы бар шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

"Менің үстімнен тағы екі әйел алды". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі бұрынғы күйеуіне қатысты бар шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша бұрынғы күйеуі байланысты үзіп, хат-хабарсыз жоғалып кеткен. 

"Қаңтардың 31-де некелестік Омармен. Тұңғышымыз қыркүйек айында туылды. Мені алғаннан кейін ұлы үйленді. Өзі де сен құтты келін болып келдің деп айтады. Бірінші жұбайынан екі ұлы бар. Мені алғаннан кейін үйлендірді. Мен бірінші баламды көтергенде бірінші жұбайымен арамыз жақсы болмай жүрді. Баламды көтерген күннен ол кісі қатты қызғанды. Ол кісі қатты күндестік таныта бастады. "Қайдан келді сол жаққа кет, бұның аяғы ауыр емес" деп құжат, қағаздар сұрады. Күндестің күні де күндес дейді ғой. Кейіннен маған Омарға үшінші әйел алып беремін деді. Ал менің іштегі балам 6 айлық. Содан босанғанда балаңды аламын, брінші баланы бәйбішеге береді деді. "Мен бермеймін баламды. Өзім Құдайдан жалынып сұрап алғанмын дедім. Кейіннен үшінші әйелді алып келді. Мен оған үйленгенін 1 айдан кейін білдім. Маған Түркияңа кет деді. Қазір мүлдем хабар жоқ ол кісіден. Балаларына да келмейді. Сотқа беріп жатырмын. Менің тағдырыммен ойнады. Бала туғызып алып қуып жіберді", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары