Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында сүйіншіледі.
Актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен жаңа ән жазып, бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында сүйіншіледі.
"Бұл ән бұрынғылардан өзгеше! Кейде өмірдің хаосында, жақындарға ренжігенде, ішкі күмән мен арпалыста біз ең маңызды нәрсені ұмытып кетеміз — біреуге шын керек екенімізді. Сен керексің. Кейде үндемей қолдау үшін, кейде тек жай ғана күлімдеу үшін, кейде біреудің өмірін өзгертетін бір ауыз сөзді айту үшін ғана. Бұл ән – дәл сендей жандарға. Көзге көрінбей жақсылық жасап, үнсіз сүйіп, тіршіліктің қалың тұманында біреуге жарық болғандарға. Сен барсың. СЕН КЕРЕКСІҢ", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың бұл жаңалығын жылы қабылдап түрлі пікір жазды.