"Алдағы соңғы махаббатымнан біраз нәрсе күтемін".
«Соңғы махаббат» фильміне арналған сұхбатта актриса әрі әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты ойын ортаға салып, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында жүргізуші Аян Өтепберген өнер иесінен өміріндегі соңғы махаббатынан қандай сабақ алғанын сұрады. Ақботаның жауабы көрерменге ерекше әсер қалдырды. Ол бір кезеңде өз өміріндегі бір адамды шын мәнінде «соңғы махаббатым» деп сенгенін жасырмады. Алайда уақыт өте келе бұл сенімнің орындалмағанын ашық айтты.
"Соңғы махаббатымды "соңғы" ойлағанмын. Сенгенмін. Өкінішке қарай, ол менің соңғы махаббатым емес екен", — деді әнші.
Ақбота-Нұрдың айтуынша, бұл қарым-қатынас оның өмірінде маңызды із қалдырған. Өткен тәжірибе оның көзқарасын өзгертiп, махаббаттың мәнін тереңірек түсінуге себеп болған. Сондай-ақ ол алдағы уақытта жолығатын соңғы махаббатынан үмітін үзбегенін де жеткізді.
"Алдағы соңғы махаббатымнан біраз нәрсе күтемін", - деді Ақбота.
Әншінің бұл сөздері оның жүрегінде әлі де жазыла қоймаған жара барын аңғартқандай болды.
Желі қолданушылары Ақбота-Нұрға қолдау білдіріп, ізгі тілектерін жолдады. Оқырмандар арасында:
«Ақбота бақытты болуға лайық», «Жақсы адам жолықсын», «Бір күйген адам сақ болады» деген пікірлер жиі кездеседі.
Көпшілік өнер иесінің шынайылығын жоғары бағалап, оның болашақта бақытты махаббат табуына тілек білдіріп жатыр.