"Айтылған сөз, атылған оқ!"
Танымал коуч Бақытбай Сабырбеков жұрттың көзінше кемсіткен ерекше баласы бар әйелден кешірім сұрады, деп хабардлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жұрттың өзін дұрыс түсінбегенін айтып, анаға 2 адамдық Умра сапарын сыйлады.
"Кеше ерекше баласы бар әйелмен әңгіме болған. Балжан ханым, сізді бүкіл халықтың алдында иіліп тұрып кешірім сұраймын. Ол 30 минуттық әңгіменің тек 3 минуты ғана. Балаңыз немесе күйеуіңіз екеуіңіз қасиетті мекенге барпы, дұға тілеп қайтыңыз", - деді ол.
Ал әйел Умраны дұғасында сұрағанын айтты.
"Баламды соңғы рет емдегенде бір қажылыққа екі рет барып келген кісі "балаңды Қажылыққа апар, дұғалар қабыл болады деді. Кеше сіз бір кісіге Қажылыққа жолдама сыйлағанда қатты қызықтым. Егіліп жылап, дұға еттім", - деді келіншек.
Алайда коучтың бұл әрекеті де желі қолданушыларына ұнамады.
"Аутизмнің не екенін білмейтін адамға халық қалай барады?", "Қайдағы коучсың? Этика жоқ, білім жоқ", "Кешірім жоқ деп ойлаймын! Айтылған сөз, атылған оқ!", "Сайқымазақ тамада сияқтысыз. Мәдениетіңіз өте төмен", "Айтарын айтып, істерін істеп алған соң кешірім сұрай салады екен?", "Айтқан сөзіңіз бір адамға емес, мыңдаған ананың жүрегіне пышақ болып тиді", "Құрту керек сайқымазақты", "Не істесең де ақтамайды!", - деп жазды оқырмандар.