15.01.2026, 11:40

«Жұлдызға беру керек еді»: Екінші келініне бағалы сыйлық берген Гүлзира Айдарбекова қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Келіндерін бөлектемесе қайтеді.

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова елдің қызу талқысына түсті. Бұл жолы ол өзінің екінші келініне қымбат сыйлықты тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекова қымбат сыйлық тартып жатқан жерін өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Кадр сыртында: «Мұндай ене кімде бар? Айгерада ғана бар» деген дауысты естуге болады. 

Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың бұл әрекетіне түрлі пікір қалдырды.

"Қандай керемет! Гүлзира ханым көрегенділігін көрсетіп жатыр", "Енді неге Гүлзира, осылай бөледі екен келіндерді?! Жұлдыздың қай жері кем?! Нағыз құрметке ие келін Жұлдыз, 5-баламын туып тәрбиелеп отыр, жұмысынан да қалмайды, тәрбиелі де көрікті", "Мақтанып жатқан жоқ үй болсын жақсы тұрсын деуде", деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға ешқандай сыйлық сыйламаған еді. Көпшілік оның бұл әрекетін сынға алған.