Менің мәңгілік махаббатым.
Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жаңа фото жариялап, жанкүйерлеріне үн қатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Димаш әуежайда түсірілген селфиімен тыңдармандарын қуантты.
«Біраз уақыт көріспеген екенбіз. Ұшар алдында кіріп, сәлем берейін дедім. Қалайсыздар?» – деп жазды ол камераға мұқият қарап, сәл жымиып түскен суретінің астына.
Жанкүйерлер әлемнің түкпір-түкпірінен жылы лебіздерін жаудырды:
«Менің мәңгілік махаббатым. Әлемдегі ең әдемі дауыс. Бразилияға келіңіз»,
«Сізді көргеніме қуаныштымын, биыл Чилидегі алғашқы концертіңізді үлкен толқумен күтіп жүрмін»,
«Ого! Сәлем! Неткен сыйлық! Сізді көргеніме қатты қуандым, Ди! Фотоңызға рахмет»,
«Қымбатты Димаш, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Қайда жоғалып кетті екен деп уайымдадық. Көңіл күйіңіз көтеріңкі болсын, өзіңізді күтіңіз. Шанхайдағы өнер көрсетуіңізді асыға күтеміз», – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Димаштың командасы әншінің Қытайда өнер көрсететінін хабарлаған еді.
«16 қаңтарда Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өтетін 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестиваліне қатысады», – делінген ресми мәлімдемеде.