15.01.2026, 13:00

«Әттең, соңғы кездесуі еді»: Асанәлі Әшімовтің жары ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Атырауда жанды тербейтін, сырлы кеш болған еді".

Әйгілі актер, кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы ол оқырмандарымен Асанәлі Әшімов пен белгілі композитор Ілия Жақановтың Атырау қаласында өткен кездесуден бейнеүзінді бөлісті.

Кадрлардан қос алыптың өнер, өмір жайлы терең ойға берілген сәттері аңғарылады.

«Қос майталманның соңғы жүздесуі екен. Атырауда жанды тербейтін, сырлы кеш болған еді. Айтар ойларыңыз әлі де көп сияқты еді… Әттең», – деп жазды Бағдат Әшімова.

Желі қолданушыларын бейнежазбалар елжіретіп жіберді. 

"Апай, әр салған фотоңыз – тұтас бір естелік, тұтас бір ғұмыр… Асанәлі ата жүректерде мәңгі сақталады", "Ілия Жақанов, Асанәлі Әшімов-қос аңыз", "Әттең өмірден адам кетпейтін болсашы", "Сіздің жазып алуыңыз" тарихи сәттер", - деп жазды оқырмандар.