$ 510.43  594.86  6.49

«Обырға шалдыққан»: Танымал қазақстандық актриса әкесінен айырылып қалды (ФОТО)

"Ол әлемдегі ең керемет әке болды". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал актриса, блогер Таня Турлайдың әкесі бақилық болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі суық хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Маған әзіл-оспақты үйреткен дәл осы кісі еді.

“Әкем – мен үшін бұл дүниедегі ең мейірімді әрі ең күлкілі адам еді. Маған әзіл-оспақты үйреткен дәл осы кісі еді. Бүгін менің әкем жоқ. Ал мен оны шексіз жақсы көремін. Ол әлемдегі ең керемет әке болды. Менің беларусьтік әкем. Менің супер-механизаторым. Картопты жанындай жақсы көретін. Мейірбаным”, – деп жазды ол.

Актрисаның әкесі обырға шалдыққан.

“Ол қарапайым, адал, түсінікті ғұмыр кешті. Еңбек етті, күлді, өзіне тән жолмен, қолдан келгенше, бірақ бар жүрегімен сүйді. Жүздеген мың гектар жерге егін екті, тонна-тонна нан өсірді… Былтыр ол өте ауыр науқастанып қалды. Біз ешкімге тілемейтін жолдан өттік. Біз бәріміз бірдейміз… Сонда да соңғы демге ешқашан дайын болу мүмкін емес екен. Біз соңына дейін жанында болдық… Өмірде ең ауыр нәрсе – ең жақын адамыңның қалай кетіп бара жатқанын көру. Обыр жеңді”, – деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары