Мен ол жерде болған жоқпын, сондықтан ол жерде кімнің ұрғанын білмеймін.
Актер Алмат Сақатов “Нұр-Мұқасан” тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
“Тіл шықпаса мұрыннан қан шықпайды. Нұрланмен бірге ән айтып жүрген әнші баланы танимын. Өте мәдениетті, биязы бала. Бірақ ол жерде әй жоқ, шәй жоқ төбелес болуы да мүмкін емес. Мен ол жерде болған жоқпын, сондықтан ол жерде кімнің ұрғанын білмеймін. Ол баланың да “Мұқасанның өзі келіп мені ұрды” деген сөз де жоқ. Олар сол жерде 2-3 адам болған. Таңертеңнен кешке дейін оны ұрып соққан жоқ. Ол жерде 4-5 жақсы соққы болған, сонымен болды”, — деді актер.