16.01.2026, 18:00

«Қимастық бар»: Гүлзира Айдарбекованың төркіні қара жамылды

Фото: видео скриншот

Жаныңыз жәннатта болсын, Күлше апа!

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың төркіні қара жамылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында анасының абысыны өмірден өткенін жеткізді.

“Бұл менің бұрындары ауылға келгенімде көрініп жүрген Күлше апам. Алдыңғы бір келгенімде шапанын жауып, ақ орамалын тағып, ақшалай сыйлығымды беріп, маңдайымнан қысып, құшақтап анамды көргендей бетімнен сүйіп, батасын алып кетіп едім, анамыз бақытты болды. Анашымның абысыны ғой, үйіміз қарсы үйде тұратын, сіздің үй, біздің үй болып бөлінбеуші едік. Жаныңыз жәннатта болсын, Күлше апа!” – деп жазды ол.

Продюсердің сөзінше, Күлше апа бір ғасыр өмір сүрген.

“Күлше апам, бір ғасыр өмір сүрді. Сонда да қимастық, апамыз балалық шағымыздың, ата-анамыздың елесіндей еді, көрген сайын анамызбен сол бауырдай самаурынның шайын шүйіркелесіп ішіп отырғандары елестейтін. Бүгін 7 күндік асын беріп, қонақтарды шығарып салып, жақындары жиналып отырып, анамызды еске алып отырған сәтіміз”, – деп жазды ол.