19.01.2026, 10:40

«Әкесі мен қызы сияқты»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға сезімін білдірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Ән арнаймын деп жылатып алдым…»

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен видео жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші өз сүйіктісіне ән арнағанын айтты.

«Ән арнаймын деп жылатып алдым…», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі әнші мен сүйіктісіне бақыт тілесе, енді бірі өнер иесін сынап тастады. 

"Сонша жыл жүріп пұшық қыз алмақшысың ба Жігер-ау", "Есейіп ақыл кіреме десем", "Тым жас қыз. Жараспай тұр", "Қыз ақымақ екен ажырасқан еркекке", "Әкесі мен қызы сяқты көрінеді", "Күбіден түскен сары май құсап еріп тұр ғой", - деп жазды оқырмандар.