19.01.2026, 18:20

«Жалғызбасты анамын»: Қосшыда той кезінде ер адам биші қызға шабуыл жасаған

Фото: видео скриншот

Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Қосшыдағы мейрамханалардың бірінде ер адам биші әйелге күш көрсетіп, шабуыл жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Жарияланған кадрлардан қыздың қонақтардың алдында би билеп тұрғанын, сол сәтте белгісіз ер адамның оны кенеттен қолынан ұстап алып, күш қолдана отырып сыртқа қарай сүйреп әкеткенін көруге болады.

«14 жылда алғаш рет осындай сұмдық жағдай болды, енді сахнаға шығуға қорқып қалдым. Бөтен, мас күйдегі ер адам биімді тоқтатып қана қоймай, өміріме де қауіп төндірді. Екі күн өтсе де, арыз жазғым келеді! Мұны бұлай қалдыруға болмайды! Оқиға орнында тапсырыс берушілер мен асаба сол маскүнемнің атын жасырып қалды.

Мен – жалғызбасты анамын, үш баламды билеп тапқан табысыммен асырап отырмын», – деп жазды биші қыз.