23.01.2026, 10:40

«Шешемді «шеше» демедім»: Айнұр Тұрсынбаева ана мейіріміне мұқтаж екенін ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Әлі күнге атымен айтамын". 

Белгілі коуч, психолог Айнұр Тұрсынбаева парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам - осы кісі… Аты Манат… Мен, бірақ, қазақтың менталитетімен шешемді “шеше” демеген адаммын..

Әлі күнге атымен айтамын.. Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын.. Қарақат Әбілдина орындайтын “АЯУЛЫ АНАМ” осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп, қызғанып өтті... Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті.. Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 68 жасқа толып жатыр.. Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр.. 11 немересінің сүйікті әжесі.. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын... Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес.. Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс...Лайым, аналарымыз аман жүрсін... Егер сіздің әке-шешеңізбен қарым-қатынасыңыз әлі салқын болса, олардың қасында өзіңізді ызалы сезінсеңіз, олардың хабарласқаны, шағым айтқаны, ақша сұрағаны, сәзден қамқорлық қалағаны жүйкеңізге тисе, шешімі - ретрит!", - деп жазды ол.