23.01.2026, 17:40

«Күйеуіммен бір күнде намаз бастадық»: Хиджабын шешкен Айдана Меденова дін жолына қалай келгенін айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Десе де оқырмандар Айдана Меденованың орамалды не үшін шешкенін түсінбегендерін жазуда.

Танымал әнші Айдана Меденова журналист Аман Тасығанға алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол дін жолына қалай келгенін ашық айтты.

"Менің өмірімде әртүрлі сынақтар болған. Күйеуім екеуміз бір күнде намаз бастадық осыдан 8 жыл бұрын. Өйткені біздің өмірімізде ақиқат ашатын жағдайлар болды. Оны мен ашып айта алмаймын. Басқа адамдармен болған нәрсе. Оның алдында да түс көрдім. Түстерге қатты сенбейтінмін негізі. Алла маған бәрін көрсетті. Енді мен бұл жерге не үшін келдім, біздің миссиямыз қандай деген сұрақтарға бір күнде жауап таптым", - деп жазды өнер иесі.

Десе де оқырмандар Айдана Меденованың орамалды не үшін шешкенін түсінбегендерін жазуда.