Ана махаббаты сондай.
Мөлдір Мұқан қызының туған күніне ерекше тосынсый ұйымдастырды. Ол алдын ала ескертпей, қызы жүрген жерге барып, достарының көзінше соңғы үлгідегі iPhone 17 Pro Max сыйлаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Күтпеген сыйлықты көрген қыз қатты қуанып, эмоциясын жасыра алмаған. Бұл сәтке куә болған достары да қуанышқа ортақтасып, қол соғып, жылы лебіздерін білдірді.
Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, «Нағыз ана бақыты», «Ананың махаббаты осындай», «Қызы үшін бәріне дайын ана екен» деген пікірлер қалдырды.