24.01.2026, 04:30

«Өнерсіз өмір сүре алмаймын»: Айдана Меденова не себепті хиджабын шешкенін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Ешқашанда менде хиджаб шешемін деген ой болмайтын.

Танымал әнші Айдана Меденова Аман Тасығанға сахнадаға қайта оралғалы алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өнері мен отбасы жайлы сырларымен ашық бөлісті.

Бұнымен қоса не себепті хмджабты шешкенін де айтты. Өнерде өз мақсаттарына жеткеннен соң қайта хиджаб киюі мүмкін екенін де жасырмады.

"Хиджабта мен өзімді жақсы сезінетінмін. Ешқашанда менде хиджаб шешемін деген ой болмайтын. Ол стилге де бейімделемін. Қараша айында ешқашан хиджабты шешпеймін деп мәлімдеме жасадым. Ол кезде сондай шешім қабылдадым. Бірақ уақыт өте келе әнге жақын екенімді түсіндім. Ол тастай салатын нәрсе емес екен. Мүмкін басқа біреулерге өте жеңіл шығар. Маған да жеңіл болғанын қалаймын негізі. Бірақ менің болмысым, табиғатым, әр жасушама соның барлығы өнер сіңіп кеткен. Туыстарымның көбісі хиджаб киюіме, өнерден кетуіме қарсы болды", - деді әнші.

Бұл қарсылықтарға қалай төтеп бергенін де айтты

"Менің күшім сабырлықта. Үндемедім. Ешкімге ештеңе дәлелдемедім. Өзімді бақытты санадым. Ешкімнің ойы маңызды болған жоқ. Қазір де шешкенімді қалай қабылдағандарын білмеймін. Бірақ мен үндемеймін. Алла жүректе не бар екенін біледі", - деді өнер иесі.