$ 503.35  590.63  6.62

«Құран бағыштадық»: Дана Нұржігіт қайғылы жазба жариялады (ВИДЕО)

Журналист бұл қадамға келуінің себебін айтып, баланың әкесінің өмірден өткенін сезініп, біліп өсуі маңызды екенін атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тележурналист Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерихтің дүниеден өткен күніне орай Құран бағыштап, ас бергенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Журналист бұл қадамға келуінің себебін айтып, баланың әкесінің өмірден өткенін сезініп, біліп өсуі маңызды екенін атап өтті.

«Кеше үйде жақын достарымды жинап, иіс шығарып, Құран бағыштадық. Әлімнің әкесінің кеткен күні деп. Бала білсін, сезінсін деген ойым. Оны анасы-мен жасамағанда кім жасайды?! Өмірде бәрі болады! Бірақ, бәрі өткінші. Ақиқаты – артта қалған ұрпақ», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол отбасы үшін мұндай сәттердің маңызын айтып, баласының да бұл шараға белсенді атсалысқанын жеткізді.

«Құрбан шалып, өліге – иман, тіріге – береке деп қол жайдық. Балам осындайда кәдімгідей шаруаға кірісіп, бір жағынан шығысып, қонағына ерекше көңіл бөлуге тырысады. Есейіп келеді…», – деді тележурналист.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт марқұм жұбайы Владимир Рерихтің рухына бағышталған дастарханды әзірлеуге атсалысқан жандарға да алғысын білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0