25.01.2026, 06:30

«Жар таңдаудан қателеспеңіздер!»: Мөлдір Мұқан өз өкінішін айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әншінің бұл сөзі көрермендерге бейжай қалдырмады.

Мөлдір Мұқан «Ozimiz goi» бағдарламасына қатысып, өмірлік таңдаулар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама барысында әнші әзілге сүйеніп, бірақ астарында шынайы өкініш жатқан сөз айтты:

«Өмірде мамандық таңдаудан гөрі, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Мен қателестім», – деді ол күлімсірей отырып.

Әншінің бұл сөзі көрермендерге бейжай қалдырмады. Ішкі сезімін ашық айтып, оны әзілмен жеткізген Мөлдір Мұқанға желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік пікірінде:

«Бәрі өткінші», «Әлі-ақ бақытты боласың», «Сен мықтысың, бәрі алда» деген қолдау сөздер жиі кездеседі.