"Анама уәде бергенмін".
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Sport+Qazaqstan» YouTube арнасына кең көлемді сұхбат беріп, сүйген жары жайлы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұхбаттың үзіндісін журналист Найма Нұрәлі өзінің әлеуметтік желідегі парашасында жариялады.
Сұхбатта спортшы сүйікті жарымен қалай танысқанын ашық айтады.
«Келіншегімді ата-анам таныстырды. Анама уәде бергенмін. «Қыз тапсаңыз, осы қыз маған ұнайды» деп айтсаңыз, сол адамға үйленемін деп айтқанмын. Үлкен бір сапарда жүрген кезде сол сапарда танысқан», — деді спортшы.
Желі қолданушылары спортшыға ізгі тілектерін жаудырды.
«Келіншегі әп-әдемі екен», «Анасы адам таниды ғой» және «Әдемі келіншегіңіз», - деп жазды оқырмандар.