$ 503.35  590.63  6.62

«Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді»: Ерке Есмахан өзінің табиғи бейнесін көрсетті (ФОТО)

"Табиғи шашым осындай, мінезді". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желісінде жаңа суреттерін жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші жазбасында:

«Сіздер білетін Еркені емес, Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді. Күйеуімнің камерасы да, өзі де менің бұйра-бұйра шаштарыма ғашық екенін осы суреттерден байқауға болады. Табиғи шашым осындай, мінезді», — деді.

Желі қолданушылары әншінің табиғи образы мен ерекше стиліне тәнті болып, жылы пікірлер қалдырды:

«Раймның әні бұйра деген қою керек еді», «Көзі махаббатқа толы екен», «Мына сұлуғыңызды ертең жаңалық қылып жібереді» деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0