$ 501.79  595.07  6.56

«Күйеуінің бауына дейін байлап берді»: Кәмшат Жолдыбаеваның әрекеті көптің талқысына түсті (ВИДЕО)

Осы сәтті көп күттік.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева жолдасы, актер Ғазірет Қажымұқанұлымен бірге түскен видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада өнер иесі күйеуінің аяқ киімінің бауын байлап берген сәті көрінеді. Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, бақыт пен береке тіледі.

«Өте әдемі жұп», «Бақытты болыңыздар», «Осы сәтті көп күттік», «Күшті жігітті қолға түсірдің», «Жарасымды жұп», «Қарасаң көз тоймайды», «Бірге көрдік-ау» сынды пікірлер жазылды.

Дегенмен кейбір желі қолданушылары Кәмшаттың бұл әрекетіне сын көзбен қарады. Олар актрисаның күйеуінің аяқ киімінің бауын байлап беруін орынсыз деп бағалап, түрлі пікір қалдырды. Осылайша, қарапайым ғана сәт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, өнерлі жұптың әрекеті көпшіліктің назарын тағы бір мәрте өзіне аудартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0