$ 501.79  595.07  6.56

96 жас – өнерге тосқауыл емес: Бибігүл Төлегенованың шәкіртімен айтқан әні жұртты тебірентті (ВИДЕО)

Жылы атмосферада түсірілген бұл кадрлар көп ұзамай желіде кең тарап, көрермендердің жүрегін қозғады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Опера әншісі Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіде КСРО халық әртісі, қазақ өнерінің аңызы Бибігүл Төлегеновамен бірге түсірілген әсерлі видеомен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада қос өнер иесі қарапайым үй жағдайында, жайылған дастархан басында анаға арналған тебірентерлік әнді бірге орындайды. Жылы атмосферада түсірілген бұл кадрлар көп ұзамай желіде кең тарап, көрермендердің жүрегін қозғады.

Зарина Алтынбаева жазба астында:

«96 жасында да опера дивамыздың дауысы қандай ғажап естіледі! Тыңдап көріңіздер», – деп жазды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0