$ 502.27  597.15  6.57

«Қазақ айтысы қайта «тірілді»: Ардагер ақындар онлайн айтысып, желіні жаруда (ВИДЕО)

Онлайн айтысқа қолдау білдіруге Стамбұлдан айтыскер, бүгінде коуч болып жүрген Айнұр Тұрсынбаева да қосылды.

Фото: Коллаж: Sn.kz
Фото: Коллаж: Sn.kz

Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақовтың Yenlik-ті сынаған видеосынан кейін айтыскер Балғынбек Имашев үнсіз қалмай, жігіттерге арнайы рэп форматында жауап жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтыскердің бұл ерекше үндеуі желі қолданушыларының арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде айтыскерлер арасында әлеуметтік желі арқылы басталған шағын онлайн айтысқа ұласты. Қазіргі таңда ақындар бір-бірімен интернет арқылы айтысып жатыр.

Онлайн айтысқа қолдау білдіруге Стамбұлдан айтыскер, бүгінде коуч болып жүрген Айнұр Тұрсынбаева да қосылды. Ол Балғынбек Имашевпен бірге айтыстың көркін қыздырып, Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақовқа арнайы үндеу жасады.

Көпшілік көрермен айтыс майталмандарының өнерін сағынғанын айтып, бұл бастаманың тоқтап қалмауын сұрап жатыр. Желі қолданушылары онлайн айтысты жаңа форматтағы рухани серпіліс ретінде бағалап, қазақ айтысының қайта жандана бастағанын жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0