$ 502.27  597.15  6.57

«Жақсылығын айтып жүрейік»: Қайрат Нұртастың әкесі әкімдерді мақтаймын деп жұртқа жақпай қалды

Аллаға шүкір, тазалық та , жолдар да өте жақсы. 

Фото: Instagram/Айдарбеков Нұртас
Фото: Instagram/Айдарбеков Нұртас

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Айдарбеков Нұртас әкімдерді мақтаймын деп, басы дауға қалды. Айдарбеков Нұртас әкімдерді мақтап, пост жазған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ағайын, амансыздарма? Кім қалай түсінеді, ол жағын өздері айта жатар, мен Алланың қалауымен көөөп шетелге барып жүрген адаммын, бірақ қайда барсамда, біздің елдегідей жағдай және тазалық, енді бізде қымбатшылық деп жатамызғой, қарасам, аналардың қымбатшылығының қасында біздікі жәй әншейін. Әрине, мені өзінің қарны тоқ болған соң, айта береді дейтін кісілер де табылар.

Жарайды , енді мен политик емеспін, бірақ адамның азда болса еңбегін халыққа жасап жатқан көрсем, сол адамдардың жақсылығын айтқым келіп тұрады. Ағайын , мен кішкене ән салып жүргенсоң, Қазақстанның көп қалаларында боламын. Сонда байқағаным, енді ауыл және совхоздарда әлі де кішкене кемшіліктер бар шығар, ол жағын толық білмеймін, ал облыстарда, еліміздің үлкен қалаларында, Аллаға шүкір, тазалық та , жолдар да өте жақсы. 

Қысқасы, менің айтайын деп отырғаным, қазіргі үлкен қалалардағы осы әкімдер жарап жатыр, енді расын айтсам, бұл әкім жігіттер, әкім болып келмей тұрып, өздері бауырлары кәсіпкершілікпен айналысқанның арқасында тұрмыстарын дұрыстап қойған жігіттер деп ойлаймын. Енді бұл жігіттердің ісіне қарасам, халыққа жасап отырған, бұлар әкім болып ақша жеймін деп отырған жігіттер емес екенін дәлелдеп жатыр. Осыдан 3-4 жыл бұрын көшелерде шұқыр көп болатын, қазір іздеп жүріп түсейін десең шұқыр жоқ. Жігіттер, жарадыңдар, негізі осындай жастар отыру керек қой. Жақсының жақсылығын айтып жүрейік, ағайын!», — деп жазды ол. 

Деса көпке оның бұл жазбасы ұнамаған. Олар түрлі пікірлерін желіде жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0