Желіде көпшілік видеоны қызу талқылап, жылы лебіздерін білдіруде.
Продюсер Баян Мақсатқызы мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзов әлеуметтік желіде қыздарымен бірге түсірілген жаңа видеоны жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан ерлі-зайыптының Гонконг қаласындағы саябақта кіші қыздарымен серуендеп жүрген сәті көрінеді. Отбасылық жылылық пен еркін атмосфераға толы бейнежазба желі қолданушыларының ерекше назарын аударды.
Желіде көпшілік видеоны қызу талқылап, жылы лебіздерін білдіруде. Кейбір қолданушылар:
«Қазақ баласын шетелге шығаруға қорқатындар осылардан үлгі алсын»,«Неткен керемет көрініс»,«Отбасымен бірге осылай қыдыру бәрімізге бұйырсын» деп пікір қалдырған.