29.01.2026, 15:40

«Орнымнан тұрып кетсем екен»: Төреғали Төреәлінің қызының арманы көпті жылатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Алладан осы нәрселерді сұраймын". 

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ерекше қызының жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа рубрика шығатынын мәлімдеді.

Бұл рубрика Төреғали Төреәлі мен әйелінің тұңғыш қыздарына арналған.

«Кәусардың күнделігінен рубрика: «Бақыттың кілті», — деп жазды ол.

Кәусардың күнделігіне жазған армандары көптің жүрегін елжіретті. 

"Мен үшін бақыттың кілті-12 мүшемнің сау болуы, өз қолыммен тамақтану. Мама-папама машина, үй алып беру, тұрмысқа шығу, өз үйімде тамақ жасау, өз үімде демалып жату. Алладан осы нірселерді сұраймын. Өз орынмнан тұрып кетсем екен, үлкен үйім болса екен, өзім айнаға қарап отырып боянсам екен. Күйеуге шығып, ата-енеме қызмет жасағым келеді. Балаларым жүгіріп жүрсе деймін. 

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, қолдау білдіріп жатыр.

«Періштенің тілегі қабыл болсын», «керемет жеткізеді екен ойын», «түсінген адамға бір сілкіп алатын дүние! Қолда барда қадірі жоқ деген» және «баланың барлық арманы орындалсын» деп жазып жатыр олар.