$ 505.17  599.54  6.59

«Қайын ата болып жастармен жағаласып»: Сәкен Майғазиевтің әрекеті сынға ұшырады (ВИДЕО)

«Қайын атаның келіннің жүктілігіне қатысты торт кесуі масқара». 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Күні кеше әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен сүйінші сұрап, немерелі болатынын жариялаған әнші Сәкен Майғазиев бүгін сол жұрттың сынына ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, өнер иесінің келінінің жүкті екені және іштегі сәбидің жынысы әлеуметтік желіде тараған gender party видеолары арқылы белгілі болған еді.

Желіде тараған бейнежазбада Сәкен Майғазиев келіні мен балалардың ортасында тұрып, сәбидің жынысын білдіретін тортты кескен. Бұл әрекет пен отбасылық видеолардың ашық жариялануы көпшіліктің наразылығын тудырды.

Желі қолданушылары қазақ дәстүрінде келіннің жүктілігін ер адамдардың, әсіресе қайын атасының жария етуі ерсі саналатынын айтып, өнер иесінің әрекетін сынға алды. Пікір қалдырғандар «мұнысы ұят емес пе», «ата сақалы аузына түскенде жастардың тірлігіне араласып жүр», «қайын атаның келіннің жүктілігіне қатысты торт кесуі масқара», «жастармен жарысып жүргені несі», «ата деген атадай болуы керек, орынсыз дүниеге араласпауы тиіс» деген сынды пікірлер жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0