05.02.2026, 12:20

«Әрқашан сенімен біргемін»: Баян мен Тұрсынның махаббатқа толы видеосы көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Қандай әдемі көрініс". 

Танымал продюсер Баян Алагөзова мен күйеуі Тұрсын Алагөзов шетелдегі демалыстарынан видео жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Екеуінің махаббаттары түсірілген бейнежазба көпті тәнті етті. Тұрсын Алагөзов бассейнде Баян ханымды көтеріп, айналдырғаны анық көрінеді.

Бейнежазбаның астына "Мен әрқашан сенімен бірге боламын", - деп жазған.

Бұл көрініске сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

"Қандай әдемі көрініс", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Бір-бірлеріңіз үшін жаралғансыздар", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды оқырмандар.