Бар болғаны 25 жасында жасөспірімдерге әке болу – үлкен жауапкершілік әрі оңай сынақ емес еді.
Жанель Мақажанның қазіргі жұбайы Абай Асылхан жүрекке жететін сырын бөлісті. Ол екі баланың өміріне енгенде, олардың бірден «әке» деп кетпегенін жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бар болғаны 25 жасында жасөспірімдерге әке болу – үлкен жауапкершілік әрі оңай сынақ емес еді. Алайда уақыт бәрін өз орнына қойды. Бір күні қызының алғаш рет «папа» деп айтқан сәті Абайдың жүрегінде мәңгіге сақталып қалды. Ол сол сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес екенін айтты. Желі қолданушылары да бейжай қалмады.
Көпшілік: «Бала баққандікі емес, тапқандікі» деп, оның әкелік мейіріміне, шыдамдылығына қолдау білдіруде.