«Ас әзірлеу — әйелге тән әсем қасиет».
Белгілі актриса, әнші Кәмшат Жолдыбаева өз асханасында ас әзірлеп, елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеомен бөлісті.
«Бір кезде мынадай бір пікір естідім: «Ас әзірлеу — әйелге тән әсем қасиет». Өте әдемі айтылған», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп жатыр.
«Ия дұрыс айтылған үйдің берекесін келтіретін айел адам», «Басқасын білмеймін сізге әдемі жарасып тұр», «Ұйытқысы ас үйдегі ханшайым» және «Тамақ жасап әйел болудың өзіндік рахаты бар» деп жазып жатыр олар.