06.02.2026, 19:00

Нұрлан Сабуров Ресей азаматтығынан әдейі бас тартқаны белгілі болды

© Александр Демьянчук/ ТАСС

Санкциядан қорыққан комик азаматтықтан бас тартқан.

Стендап-комик Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынуының себебі белгілі болды. Ресейлік құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сүйенген мәліметке сәйкес, Сабыров бұған дейін Ресей азаматтығын алудан саналы түрде бас тартқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның мұндай шешіміне ықтимал санкциялық тәуекелдер себеп болған. Дереккөздің айтуынша, әртіске Ресей азаматтығын рәсімдеуге нақты мүмкіндік болған. Алайда ол коммерциялық себептерді алға тартып, бұл қадамға бармаған.

«Нұрлан Сабыров коммерциялық тәуекелдерге байланысты Ресей азаматтығынан бас тартты және санкциялардан қауіптенген», – деп мәлімдеген ақпарат көзі.

ТАСС агенттігінің дерегіне сәйкес, Нұрлан Сабыров – Қазақстан азаматы. Соған қарамастан, оның шығармашылық және кәсіби қызметінің едәуір бөлігі Ресей аумағында жүзеге асқан.

Бұған дейін ресейлік құқық қорғау органдары комикке Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынғанын ресми түрде растаған.

Қазіргі уақытта Нұрлан Сабыров бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.