Бұл – өз уақытыңды құрметтеу.
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару әлеуметтік желіде өз-өзіне күтім жасау және тәуелділіктері туралы философиялық жазба қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айарудың айтуынша, ол үшін махаббат – бұл өз денесіне қамқорлық жасау, таза киім кию және дұрыс тамақтану.
«Денсаулыққа көңіл бөлу (мұны анам естісе, күліп қояды, өйткені ол менің денсаулығыма салғырт қарайтынымды үнемі айтады). Бұл – өз уақытыңды құрметтеу: күн тәртібін сақтау, телефонда тәулік бойы отырмау (осы жағынан әлі де жұмыс істеуім керек), уақытыңды босқа өткізбеу», – деп жазды Айару.
Сондай-ақ ол телефонға тәуелділігі өзіне ұнамайтынын, бірақ одан бас тарта алмайтынын да жасырмады.
«Мен үнемі бірдеңені гуглдан іздеймін, бірдеңені ChatGPT-тен сұраймын, YouTube-та пайдалы нәрселер тыңдаймын. Кітап оқуға отырсам, телефонымды басқа бөлмеге қалдырамын да, сол кітапқа қатысты миллион сұрақ туындайды. Ал олардың жауабын маған телефон береді. Сосын Instagram-ға кіріп кетіп, кітапты бір сағатқа ұмытып кетемін. Мұндай жағдайда не істеуге кеңес бересіздер? Instagram – әрі пайдалы, әрі зиян», – деп ойымен бөлісті Айару.