07.02.2026, 16:30

Келінім мен қарт анам бар: Балғынбек Имашев 7 баласымен қаңғып далада қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ол бүгінде жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын ашық айтты.

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев баспанасыз, қарт аансы, келіні және жеті баласымен қаңғып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бүгінде жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын ашық айтты. Оның айтуынша, қарыздарын жабу үшін осыған дейін жинаған барлық дүние-мүлкін сатуға тура келген.

«Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін саттым. Қазір 7 балам бар, келін түсірдім, анам бар, бәріміз жалдамалы үйде тұрамыз. Балаң алдады, сенің кесіріңнен базарға кірдік, саған сендік деген сөздер ауыр тиді жүрекке»,- деді ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.

Еске салайық, ақынның жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ұлы қажылық сапарын ұйымдастыра алмай, тұрғындар алдында қарыз болып қалған еді.