08.02.2026, 06:30

«Өз көйлегін сыйға тартты»: Роза Рымбаева Диана Исмаилды ерекше сыймен қуантты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Сонымен қатар қазақтың примадоннасы Роза Рымбаева сахнада жас әншіге ерекше ілтипат білдіріп, сый жасады. 

Әнші Диана Исмаил халық әртісі Роза Рымбаевамен бір сахнада ән шырқап, арманы орындалғанын жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Талантты әнші арманы шындыққа айналғанын қуана жеткізіп, тарихи кезеңге балады.

"Роза Қуанышовнамен ән айту — мен үшін үлкен мәртебе Бұл күн менің шығармашылық жолымдағы тарихи кезең", деп жазды ол. 

Сонымен қатар қазақтың примадоннасы Роза Рымбаева сахнада жас әншіге ерекше ілтипат білдіріп, сый жасады. 

"Роза Қуанышқызы ырымдап, сахнада, өзінің көйлегін сыйға тартты Роза апамыздың бағын берсін. Бұл- тарихи сәт", дейді Диана Исмаил.