08.02.2026, 16:30

«Алаяқтардың 80% намаз оқитындар» деп Ринат дұрыс айтыпты» — Балғынбек Имашев (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Біз діннің тек сыртқы келбетін алып алған екенбіз". 

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев өз сұхбатында дінге деген көзқарасын білдірді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Ринат Зайытовтың "Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар деген сөзінің дұрыстығын енді ғана түсінген.

"Дін дегенде намазхан дегендерге сеніп қаламыз ғой. Кезінде Ринат алаяқтар дегенде қарсы шығып, олай айтпа деп едім. Кейіннен қарасам шынымен біз діннің тек сыртқы келбетін алып алған екенбіз. Сақал қою, намаз оқу. Негізі дін деген ол аманат. Ол адамның ақысын жемеу, уәдеде тұру, қарызыңды қайтару, біреудің аманатын қайтару. Себебі әрбір мұсылманның ары, жан, малы құрметті. Харам деген сол нәрселерге қол сұғуға рұқсат жоқ деген сөз. Құрметті деген сөз жатыр.Сол нәрселерге мән бермей мынау намаз оқиды ғой деп сеніп қаламыз. Неге елді алдағанда алаяқтар алдайтын кезде Алланың атын жамылады. Себебі дінге, Аллаға деген құрметін пайдаланып, елдің аяғын аспаннан келтіреді", - деді айтыскер.