Желіде әнші Айгерім Қалаубаева мен актер Нұржан Әлімжанға қатысты қауесет тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көпшілік жұлдызды дуэтті үйленіп алған сияқты деп әңгімелеп жатыр.
Екі жұлдыздың әркез бірге жүруі, қол ұстасып серуендеуі көрермендердің “әйелі мен күйеуі сияқты” деп жорамалдауына себеп болды.
Әлеуметтік желіде фанаттар оларды сүйіспеншілік пен үйлесім символы деп атап, әр кездесулерін ерекше бақылап отыр.