09.02.2026, 11:30

Роза Рымбаеваның 2 концертінен түскен ақша қайда жұмсалатыны белгілі болды (ВИДЕО)

Фото: @aliokapov

Бұл туралы әншінің ұлы Әли Оқапов айтты. 

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның cахнадағы 50 жылдығына орай өткен Алматыдағы концерттерінен түскен қаражат қайда аударылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы әншінің ұлы Әли Оқапов айтты. 

"Бүгінгі кештен түскен қаражат балаларды оңалту қорына, қайырымдылыққа аударылады. Мұны сіздерге жеткізуді жөн көрдік, сіздер бломасаңыздар бұл кеш те болмайтын еді", деп ризашылығын білдірді Әли Оқапов.