09.02.2026, 16:20

«Қиын, бірақ мен берілмеймін»: Димаш тағы бір жоспарымен елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жобаға Қытайдың ірі басылымдары мен ресми органдары қолдау көрсетті. 

Қазақстанның танымал жұлдызы Димаш Құдайбергеннің атсалысуымен түсірілген Voice Beyond Horizon музыкалық тележобасы әлемдік деңгейде рекорд орнатты. Жобаның алғашқы бөлімін небәрі бір күнде 102 миллион адам тамашалап, Қытайдың барлық рейтингтерінде көш бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Hunan TV арнасының мәліметінше, бағдарлама CVB, CSM және CSM71 желілерінде өңірлік спутниктік арналар арасында бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, KuYun және Huanwang рейтингтерінде де алдыңғы орындарды иеленді.

Жобаға Қытайдың ірі басылымдары мен ресми органдары қолдау көрсетті:

Жоба аясында әнші қытайлық танымал музыкалық сыншы ZIBO-ға сұхбат берді. Онда Димаш өз жанкүйерлерінің қолдауын сезіну үшін қытай тілін тереңірек үйренуге ниетті екенін айтты.

«Қытай тілін аздап білемін, түсінемін. Бірақ бұл жеткіліксіз. Мен оны жетілдіргім келеді, өйткені жанкүйерлерімнің қолдауын сезінемін. Қытай тілі — әлемдегі ең бай тілдердің бірі, сондықтан оны үйренуде қиындықтар бар, бірақ мен берілмеймін», — деді Димаш.