Желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды.
Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әпкесі Роза Рымбаева туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Халық әртісінің концертінен кейін өз тебіренісін жеткізді.
"Бүгін – қазақ өнері үшін айрықша, жүрекке жақын күн. Қазақстанның халық әртісі, өнердің шын мәніндегі символына айналған Роза Қуанышқызы әпкеміз сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай мерейлі концертін өткізді. Жарты ғасыр… Бұл – жай ғана уақыт емес, бұл – халықпен бірге соққан жүрек, мыңдаған әнге, миллиондаған сезімге айналған ғұмыр. Әр әні – тағдыр, әр әуені – естелік, әр шығуы – сахнаға деген шексіз махаббаттың дәлелі. Роза Қуанышқызы – бір дәуірдің үні, бірнеше ұрпақтың жүрегінде сақталған асыл есім. Сахнаңыздан нұр кетпесін, дауысыңыз мәңгі жаңғырып, өнеріңіз ұлтпен бірге жасай берсін! Мерейіңіз үстем, жолыңыз жарық болсын!", - деді ол.
Желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды.